Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 21 шiлдедегi № 263 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шiлдедегi № 400 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырлар енгізу туралы бірлескен бұйрықтың жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық отандық экологиялық таза көлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді мемлекеттік қолдау тетігін жетілдіру, Қазақстан Республикасы Экология кодексіне сәйкес қарсы талаптарды өзара есепке алу тетігін енгізу, сондай-ақ Оператор мен өндірушілер арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру мақсатында бұйрық жобасын әзірледі.

Жобада қарсы талаптарды өзара есепке алу тетігін енгізу, өтініштерді қарау мерзімдері мен рәсімдерін белгілеу, сондай-ақ өзара есепке алуды жүзеге асыру үшін өзара есепке алу актісін енгізу және өндірушілердің есептілігін нақтылау арқылы экологиялық таза көлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын отандық өндірушілерді ынталандыру тетігін жетілдіру көзделеді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге әкеп соқтырмайды.