«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілер мен импорттаушылардан өзінің банктік шотына қалдықтарды және қайталама ресурстарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету, қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы жарнама қызметін, білім беру, маркетингтік іс-шараларды қаржыландыруға түскен ақшаны бағыттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Осы бұйрық жобасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.

Бұйрық жобасы ӨКМ Операторының кәдеге жарату төлемінің қаражатын жинау, тасымалдау, сұрыптау, қайта өңдеу, кәдеге жарату жөніндегі қалдықтармен және қайталама ресурстармен жұмыс істеу саласындағы іс-шараларды, сондай-ақ ақпараттық, білім беру, жарнамалық және маркетингтік іс-шараларды қаржыландыруға жіберу тәртібін белгілеу мақсатында әзірленді.