«Екінші деңгейдегі банктердің жаңа және (немесе) қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтарды және өндірушілердің/импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдердің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату объектілерін құруға және (немесе) өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға), сондай-ақ олармен байланысты технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықты және (немесе) мамандандырылған көлікті сатып алуға арналған жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Осы қаулы жобасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.
Қаулы жобасы Қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі объектілерді салу, жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру, сондай-ақ қажетті жабдықтар мен мамандандырылған техниканы сатып алу үшін екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жолымен қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жобаларды мемлекеттік қолдау тетігін құру мақсатында әзірленді.