«Пайдаланудан шыққан көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын құжатты, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген көлік құралын сатып алуға арналған жеңілдік сертификаттарын алу құқығын көздейтін құжатты беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Осы бұйрықтың жобасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.

Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 389-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына өзгерістер енгізілуіне байланысты әзірленген.

Бұйрық жобасы пайдаланудан шыққан көлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының қайта өңдеуге (кәдеге жаратуға) тапсырылғанын растайтын құжатты берудің бірыңғай тәртібін, сондай-ақ отандық өндірістің көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдік сертификаттарын беру, тапсыру және пайдалану тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді.