«Қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және маркетингтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Осы бұйрықтың жобасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.

Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 388 бабы 1-тармағының 9) тармақшасына өзгерістер енгізілуіне байланысты әзірленген.

Бұйрық жобасының мақсаты өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банк шотына кәдеге жарату төлемі түрінде түскен қаражат есебінен қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және маркетингтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруды қамтамасыз ету.

Қағидалар қаржыландыруды жоспарлаудың, техникалық ерекшелікті және біліктілік талаптарын әзірлеудің, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және маркетингтік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың, олардың нәтижелерін қабылдаудың бірыңғай тәртібін белгілейді, сондай-ақ уәкілетті орган мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы арасындағы өзара іс-қимылды регламенттейді.