«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Осы қаулы жобасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 386 бабы 5-тармағына өзгерістер енгізілуіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 388-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына өзгерістер енгізілуіне байланысты әзірленген. Сонымен қатар, қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.Бектеновтің Қазақстан Республикасы аумағына көлік құралдарын заңсыз «сұр» кіргізуге қарсы күреске бағытталған (01.08.2026 жылғы №21-06/01-06/06-642-1 1.4-т.) тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.
Түзетулерде кәдеге жарату төлемін өзара есепке алу тетігі көзделеді, оның шеңберінде көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі міндеттемелері нақты ақша қаражатын пайдаланбай орындалатын болады.