«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы мен өндірушілердің (импорттаушылардың) және оның (олардың) қаптамасының кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдерді (тауарларды) өндіруші (импорттаушы) арасында жасалатын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер (тауарлар) және олардың қаптамалары тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Осы бұйрықтың жобасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.

Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 386 бабы 2-тармағына өзгерістер енгізілуіне байланысты әзірленген.

Бұйрық жобасының мақсаты кәдеге жарату төлемін енгізу, қажетті құжаттарды ресімдеу және тиісті міндеттемелердің орындалуын растау арқылы кеңейтілген міндеттемелерді орындау кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы арасындағы өзара іс-қимылдың бірыңғай тәртібін белгілеу.