«Майларды, полимерлік, әйнек, қағаз және (немесе) картон қаптамаларды, аккумуляторлық батареяларды өндірушілердің оларды өндіру үшін Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделген және кәдеге жаратылған пайдаланылған майлардың, пластмасса, әйнек, қағаз және картон қалдықтарының, пайдаланылған аккумуляторлық батареялардың кемінде отыз пайызын пайдалануын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Осы бұйрықтың жобасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.
Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 386 бабы 6-тармағының 1) тармақшасына өзгерістер енгізілуіне байланысты әзірленген.
Бұйрық жобасының мақсаты өндірушілердің Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделген және (немесе) кәдеге жаратылған қайталама шикізаттың кемінде 30 пайызын майлар, полимерлі, шыны, қағаз (картон) қаптамасы мен аккумуляторлық батареяларды өндіру кезінде пайдаланғанын растаудың бірыңғай тәртібін белгілеу, сондай-ақ өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының тиісті құжаттарды ұсыну, қарау және растау тәртібін айқындау.
Қағидалар өндірушілердің өнім өндіру кезінде отандық қайта өңдеуден алынған қайталама шикізаттың кемінде 30%-ын пайдаланғанын растау үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін, мерзімдерін және тәртібін айқындайды. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Оператор растау туралы не дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.