«Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілері жоқ, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өзінің банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде келіп түскен ақшаны бағыттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 375 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Осы бұйрық жобасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.

Түзетулермен кәдеге жарату төлемін қайтару тетігін қайта қарау, кәдеге жарату төлемі бойынша артық төленген соманы қайтаруды немесе есепке жатқызуды ӨҚМ Операторының ҚҚС бойынша декларацияны ұсыну мерзімдеріне байланыстыруды алып тастау және төлеушінің өтініші негізінде қайтарудың дербес тәртібін енгізу қарастырылған.