«Өндіруші немесе импорттаушы қолданатын қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 688 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі бұйрығының жобасына (бұдан әрі – бұйрық жобасы) БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Осы бұйрықтың жобасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.

Түзетулер қалдықтарды жинауға, растайтын құжаттарға және есепке алынуға жататын өнім көлемін есептеуге қойылатын талаптарды нақтылау жолымен өндірушілердің және импорттаушылардың өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін орындаудың өзіндік жүйесін қолдану тәртібін жетілдіруге мүмкіндік береді.