«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банк шотына өндірушілер мен импорттаушылардан түскен ақшаны өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды төлемдер жасау арқылы ұйымдастыруға бағыттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 332 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығының жобасына (бұдан әрі – бұйрық жобасы) БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Осы бұйрықтың жобасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.

«EcoQoldau» ақпараттық жүйесі арқылы қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау және қайта өңдеу үшін төлемдерді жүзеге асыру тәртібін жетілдіру, сондай-ақ кәдеге жарату төлемінің қаражаты есебінен төлеуге жататын қалдықтардың нақты көлемін растауға бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.