«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жаһандық жасыл өсу институты арасындағы Жаһандық жасыл өсу институтының құқықтық мәртебесі, артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 380 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгінгі күні келісімнің жобасы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жаһандық жасыл өсу институты арасындағы Жаһандық жасыл өсу институтының құқықтық мәртебесі, артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісімге қол қою туралы» 2025 жылғы 27 мамырдағы № 380 ҚР ҮҚ-мен бекітілді.
Сонымен қатар, келісімге қол қоюға дайындау барысында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсыныстарына байланысты келісімнің 8-бабының 1.3-тармағының ережесі бойынша қайшылықтар анықталды. Қосымша келісу рәсімдерінің қорытындысы бойынша Тараптар арасында артықшылықтар мен иммунитеттер беру мәселелерін реттейтін келісімнің 8-бабы 1.3-тармағының жаңартылған редакциясы бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған қаулысына тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды.