«Асбест және оның негізіндегі өнімдер өндірісі» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 113-бабының 6-тармағын іске асыру шеңберінде «Асбест және оның негізіндегі өнімдер өндірісі» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалығы бекітілгенін хабарлайды.
Осы ЕҚТ бойынша анықтамалықта асбест және оның негізіндегі өнімдер өндірісі сипатталады.
Анықтамалықта кешенді экологиялық рұқсаттар алу шарттарын сақтау үшін қажетті, объектілердің қоршаған ортаға теріс антропогендік әсерінің деңгейін болдырмау немесе төмендету мақсатында қолданылатын немесе қолдануға ұсынылатын техникалардың сипаттамасы қамтылған.
ЕҚТ бойынша анықтамалықта маркерлік ластағыш заттар, маркерлік ластағыш заттар эмиссияларының деңгейлері және ЕҚТ-ны қолдануға байланысты энергияны және (немесе) өзге де ресурстарды тұтыну деңгейлері айқындалған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген ережелер қамтылған.
ЕҚТ бойынша анықтамалық Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 113-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы N 775 қаулысымен бекітілген Ең үздік қолжетімді техника бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қолдану, мониторингтеу және қайта қарау қағидаларына сәйкес әзірленді.