Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің «I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі №356 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі №356 «I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығының жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының Р. В. Склярдың тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді.
Жобада I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
Жоба қоршаған ортаның компоненттеріне теріс әсер етуі мүмкін объектілердің тізімін анықтайды.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық жағымсыз салдарларға әкеп соқпайды.