«Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобаны іске асыру мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін пайдалануға беру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда келушілерді бару ережелерімен, туристік маршруттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасымен таныстыру және биоалуантүрлілікті сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында визит-орталықтар енгізуге бағытталған.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болжамайды.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2026 жылдың наурызда орналастырылған.