«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобаны іске асыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда келушілерді бару ережелерімен, туристік маршруттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасымен таныстыру және биоалуантүрлілікті сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында визит-орталықтар енгізуге бағытталған.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болжамайды.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2026 жылдың наурызда орналастырылған.