«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Осы бұйрықтың жобасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.

Түзетулер Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрықтарын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы заңдарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.