«2026 жылғы 15 ақпаннан бастап 2027 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимитін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2026 жылғы 15 ақпаннан бастап 2027 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимитін бекіту мақсатында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрық жобасы дайындалды.

Бұйрақ жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі №479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері туралы ереженің 15-тармағының 224) тармақшасына сәйкес Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiне сәйкес дайындалды.

Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi олардың санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалады және оны уәкілетті орган бекiтедi.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болжамайды.