«Жасыл даму» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Жасыл даму» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын бекітеді (бұдан әрі - жоба).
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жобаны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында
2026 жылғы 19 қантардағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15744253 орналастырғаны туралы хабардар етеді.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.