«Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына өзгерістер енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде автомобильдердің өзара саудасының жағдайларын теңестіру мақсатында Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО-ның басқа елдері арасындағы кәдеге жарату алымы деңгейіндегі теңгерімсіздікті жоюға бағытталған түзетулер енгізу ұсынылады.
Қазіргі уақытта автомобильдерді Қазақстаннан Ресей Федерациясына экспорттау кезінде ҚҚС пен акциздерді толық өндіріп алудан басқа, кедендік баждар мен салықтардың айырмасы, сондай-ақ кәдеге жарату алымын есептеу кезінде коэффициенттерді арттыратын тетік қолданылады.
Атап айтқанда, ҚР-дан РФ-ға автомобильдерді әкелу кезінде үшінші елдерден әкелуге ұқсас 20% мөлшерінде ҚҚС қолданылады, бұл ретте кәдеге жарату алымының базалық ставкасына екі мемлекеттің ҚҚС ставкалары арасында қосымша 8% айырма қосылады.
Ұсынылып отырған түзетулер реттеушілік және баға төрелігін жоюға, фискалдық жүктеменің әділдігін арттыруға және өндірушілер мен нарыққа қатысушылар үшін тең бәсекелестік жағдайларды қалыптастыруға бағытталған, бұл автомобиль саласының тұрақты дамуына және ЕАЭО шеңберінде экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал ететін болады.