«Көміртегі бюджетін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 286-бабының 5-тармағын іске асыру шеңберінде көміртегі бюджетінің бекітілгені туралы хабарлайды.
Көміртекті бюджеттеу кезеңі қатарынан бес күнтізбелік жылды құрайды.
Көміртегі бюджеті квоталанатын және квоталанбайтын парниктік газдар шығарындыларының көлемін анықтайды.
Көміртегі бюджеті Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ұлттық салымдарды сақтау қажеттілігі ескеріле отырып әзірленеді:
1) 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі көміртекті бюджеттеу кезеңі үшін 2021 жылға арналған көміртегі бюджеті 1990 жылғы көміртегі балансының деңгейінен кемінде 1,5 пайызға төмен болды, кейінгі жылдары – өткен жылғы көміртегі бюджетінің деңгейінен жыл сайын кемінде 1,5 пайызға қысқарды;
2) 2026 жылдан 2030 жылға дейінгі көміртекті бюджеттеу кезеңі үшін әрбір күнтізбелік жыл үшін көміртегі бюджеті өткен жылғы көміртегі бюджеті деңгейінен кемінде 1,5 пайызға қысқарды;
3) көміртекті бюджеттеудің келесі кезеңдері үшін әр күнтізбелік жылға арналған көміртегі бюджеті 1990 жылғы көміртегі балансының деңгейінен кемінде 15 пайызға төмен болды.
Көміртегі бюджетін әзірлеу Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 286-бабына сәйкес жүргізілді.