«2026-2030 жылдарға арналған көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 290-бабының 2-тармағын іске асыру шеңберінде көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын бекіту туралы хабарлайды.
Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары экономиканың реттелетін секторлары бойынша квоталау субъектілері арасында бөлінуге жататын көміртегі квотасы бірліктерінің жалпы санын, сондай-ақ көміртегі квотасы бірліктері резервінің көлемін белгілейтін құжат болып табылады.
Квоталау субъектілері арасында көміртегі квотасының бірліктерін бөлу оларды тегін бөлу және аукцион арқылы сату шарттарында Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарында айқындалған көлемдер шегінде жүзеге асырылады.
Тегін бөлуге жататын квоталанатын қондырғылар үшін көміртегі квотасы бірліктерінің саны парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларына сәйкес бенчмарктарды қолдану арқылы есептеледі.
Бенчмарк деп өнім бірлігіне квоталанатын парниктік газдар шығарындыларының меншікті көлемі түсініледі.
Экономиканың реттелетін секторларындағы бенчмарктардың тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын әзірлеу Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 290-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілді.