2035 жылға дейінгі жаңартылған Ұлттық деңгейде айқындалатын 3.0 үлесті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Париж келісімі бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін іске асыру, 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 283-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес 1,5°С шегінде орташа температураның өсуін шектеу жөніндегі жаһандық мақсатқа қол жеткізуге салымды қамтамасыз ету мақсатында «2035 жылға дейінгі жаңартылған Ұлттық деңгейде айқындалатын 3.0 үлесті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын бекіту бойынша жұмыс жүргізеді.

Қаулы жобасында климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту және оған бейімделу жөніндегі елдік міндеттемелер, сондай-ақ экономика салаларындағы парниктік газдар шығарындыларын қысқартудың негізгі көрсеткіштері көзделген.