Хабарландыру

Хабарландыру

2024 жылғы 30 сәуірде сағ. 15:00-де ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экология және табиғи ресурстар жөніндегі Қоғамдық кеңесінің тыңдауын келесі тақырып бойынша өткізеді:

1. Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдерді жұмсау мәселелері туралы.
2. Экологиялық ағарту және насихаттау, ақпараттық науқандар мен іс-шараларды талқылау:
- ҚТҚ-мен жұмыс істеу мәдениеті (жағу кезіндегі зиян, дұрыс жою әдістері, сұрыптауды насихаттау және т.б.);
- энергия және ресурстарды үнемдеу, климатты қорғау және бейімдеу туралы;
- биоалуантүрлілікті қорғау, браконьерлікпен және заңсыз ағаш кесумен күресу.
3. Экологиялық кодекске өзгерістер енгізуді талқылау.
4. Жел электр станцияларының биоалуантүрлілікке қауіп-қатері туралы.