Қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастық мүшелерімен кездесуі

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастық мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесуде коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы бизнестің өзекті мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ, қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша әлеуетті бизнес жобалары талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті ү.ж. 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында инвесторларды тарта отырып, ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарының құрылысын жандандыруды тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі а.ж. 9 ақпанда наурыз айына дейін қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жобалардың нақты тізбесін ұсынуды тапсырды.