ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Министр Зульфия Сүлейменова жиналғандарды мерекемен құттықтап, Конституцияның әрбір қазақстандық өміріндегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.
«Конституция – еліміздің дамуының негізі, мемлекеттің жоғары құндылықтарының кепілі, мемлекетті бекітуде орасан зор рөл атқарып, мызғымас демократиялық негіздердің, адам құқықтары мен бостандықтарының тәуелсіздігін бекітті. Біздің міндетіміз – негізгі Заңға енгізілген жалпыұлттық құндылықтарды құрметтеу және ұстану, олардың негізінде тұрақты, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру», - Зульфия Сүлейменова деп атап өтіп барлығына бейбіт аспан, келісім мен тұрақтылық тіледі.
Министр министрліктің және ведомстволық ұйымдардың үздік қызметкерлеріне ведомстволық наградалар мен алғыс хаттар табыс етті. Қоршаған ортаны қорғауға, «жасыл экономиканы» дамытуға, су қорын, орман шаруашылығын пайдалану мен қорғауға елеулі үлес қосқан 157 қызметкер атап өтілді.
Мәселен, Парламент Мәжілісінің, Министрлік аппаратының, Комитеттердің бес қызметкері «Экология үздігі» төсбелгісі және бір қызметкерге «Балық шаруашылығы қызметкері» төсбелгісі табысталды, 89 қызметкер Құрмет грамоталарымен, 62 қызметкер алғыс хаттармен марапатталды.