Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар  вице-министрінің Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы  хабарландыру

2023 жылғы 31 тамызда сағат 10:00-де  Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Д.Б. Бекмағамбетовтың Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу Сәтпаев қаласында Ш. Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында, Сәтпаев даңғылы 106 өтеді.

10.00 – 11.00 – азаматтарды жеке қабылдау;

11.00 – 12.30 – коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

12.30 – 13.00 – өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ұлытау облысы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне 8 (775) 123 42 39 және электрондық мекен-жайға: b.isina@ecogeo.gov.kz

Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8 (775) 123 42 39, 8 (777) 758 11 15 арқылы хабарласуды сұраймыз.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз.

#халықпенкездесу