
Су саласын цифрландыру шеңберінде (гидротехникалық құрылыстарды диспетчерлеу және автоматтандыру, су ресурстарын есепке алу және басқару, космомониторингті қолдану, IoT және т.б.) тәсілдерді айқындау және технологиялық шешімдерді іріктеу мақсатында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірқатар пилоттық жобаларды жүргізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, су саласында цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесі бар мүдделі ұйымдар мен компанияларды ынтымақтастыққа шақырамыз.
Пилоттық жобалар қолда бар технологиялық шешімдерді сынақтан өткізу үшін белгілі бір учаскелерде және өтеусіз негізде жүргізілетін болады.
Пилоттық жобаларды іске асыруға мүдделі болған жағдайда 2023 жылғы 18 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынылатын технологиялық шешімдер (презентациялар, анықтамалар, іске асыру тәжірибесі және т. б.) туралы толық ақпаратты a.koitanov@ecogeo.gov.kz электрондық поштаға байланыс деректерін ұсынуды, сондай-ақ алдағы а.ж. 17 мен 21 сәуір аралығында өтетін талқылауға офлайн және(немесе) онлайн форматтарда қатысуларыңызды растауды сұраймыз.