Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу

2023 жылғы 30 наурызда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменова Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, 56 облыстық филармония «Жастар сарайы» ғимаратында өтеді.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қостанай облысы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында онлайн-көрсетілім тікелей эфирде өткізілетін болады.
Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар WhatsApp нөміріне: 8 (708) 132 78 66 және электрондық мекен-жайға: surak@ecogeo.gov.kz.
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 8 (708)132 78 66 арқылы хабарласуды сұраймыз.
Азаматтарды белсенді қатысуға және сұрақ қоюға шақырамыз.