Ақтөбеде жаңа экологиялық кодекстің жобасы аясында қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесіндегі жаңа тәсілдер қаралды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысындағы көшпелі отырысы барысында Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А. Пірімқұловтың қатысуымен Экологиялық кодекстің жобасы шеңберінде қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесіндегі жаңа тәсілдер мәселелері қаралды.
Өткен жылы Парламент Мәжілісіне енгізілген Экологиялық кодекс жобасы халықаралық сарапшылардың ұсынымдарына негізделген және қоршаған ортаны қорғау саласындағы дамыған елдердің ең озық тәжірибесін қамтитын тың құжат болып табылады.
Кодексінің жобасы өңірлерге шығу барысында, соның ішінде Ақтөбеде жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастықпен алдын ала талқыланды.
Бұл пікір алмасу кезінде бірқатар ұсыныстар жасап, бүгінгі күннің талаптарына сәйкес келетін құжатты қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Вице-министр өз баяндамасында қатысушылардың назарын жаңа экокодекстің негізгі бағыттарына аударды:
- ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізу (БҚТ - бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін қысқартуды қамтамасыз ететін технологияларды енгізуі);
- «ластаушы төлейді» қағидатын енгізу (бұл қағида ластануды болдырмау және бақылау жөніндегі шараларды, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіруден қалпына келтіру жауапкершілігін білдіреді);
- қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа тәсілдері (жаңа экологиялық кодексте ҚОӘБ рәсімдерінен өту туралы талап тек 1-санаттағы кәсіпорындарға қатысты (шамамен 2,6 мың табиғат пайдаланушы) қолдану ұсынылады);
- қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем және табиғатты қорғау іс-шараларын 100 пайыз көлемінде түсетін экологиялық төлемдер есебінен міндетті қаржыландыруды көздейтін табиғатты қорғау іс-шараларына бюджет қаражатын мақсатты жұмсау;
- экологиялық бақылауды жетілдіру немесе қайта бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту, айыппұлдарды қатаңдату (мысалы, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл 10 есеге артады. Үш жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда -20 есе).
Сондай-ақ ол апатты үйінділер санының артқанын атап өтті. Ғарыш мониторингі көрсеткендей, рұқсат етілмеген қоқыстар саны өсуде. Апатты үйінділердің басым бөлігі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында тіркелген.
Одан әрі қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі бойынша көрсеткішті барлық деңгейдегі әкімдердің тиімділігін бағалауға енгізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, жаңа экологиялық кодексте қалдықтардың пайда болуын, қайта пайдалануды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды болдырмау үшін кезең-кезеңмен айналымға бағытталған иерархиясы көзделеді. Содан кейін ғана қалдықтар көмуге жіберіледі.
Қалдықтардың жиналу көлемін қысқарту жөніндегі пәрменді тетіктердің бірі қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тетігін – «Waste to Energy» енгізу болады. Бұл үшін осы жобаларды іске асыруға жеке инвесторларды тарту жоспарлануда.
Өз сөзінде А. Пірімқұлов экологиялық проблемаларды шешуде маңызды рөл атқаратын халық арасында ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамытуға шақырды.
Президенттің Қазақстанда Еріктілер жылын өткізу туралы шешімі 2020 жылы қабылданған ашықтық және жұртшылықпен бірге экологиялық проблемаларды шешуге жаңа серпін береді.