ХЛАДАГЕНТ НАРЫҒЫНА, ТОҢАЗЫТҚЫШ ӨНЕРКӘСІБІНЕ ЖӘНЕ АУАНЫ БАПТАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

ХЛАДАГЕНТ НАРЫҒЫНА, ТОҢАЗЫТҚЫШ ӨНЕРКӘСІБІНЕ ЖӘНЕ АУАНЫ БАПТАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хладагенттердің барлық импорттаушыларының, сондай-ақ құрамында хладагенттері (тоңазытқыштар, кондиционерлер, өрт сөндіру құралдары және т. б.) бар өнімдерді импорттаушылардың назарына озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына 2016 жылғы 15 қазанда қабылданған Кигали түзетуін (бұдан әрі – Түзету) қабылдау жөніндегі мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуін хабарлайды.

Түзетудің күшіне енуі елдердің реттелетін заттардың түзету Тараптары болып табылмайтын елдерге трансшекаралық орын ауыстыруына шектеулер/тыйым салуды одан әрі енгізе отырып, ГХФК тұтынуды кезең-кезеңімен қысқартуды білдіреді. Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен түзетуге Армения, Ресей және Қырғызстан қосылды. Беларусь қосылу бойынша мемлекетішілік рәсімдерді аяқтауда. Қытай, Еуропалық Одақ, Тәжікстан және Түрікменстан да түзетуді ратификациялады. Осылайша, ГФК негізгі экспорттаушылары мен импорттаушылары түзетудің Тараптары болып табылады. Қазақстанның ГФК өндірушісі болып табылмайтынын, бірақ тұтынушы болып табылатынын ескере отырып, Түзетуді ратификациялау бойынша шараларды уақтылы қабылдау ел экономикасының одан әрі тұрақты дамуы үшін маңызды.

ГХФК тұтынуды қысқарту 2011-2013 жылдар аралығындағы (көрсетілген кезеңдегі импорт көлемі) кезеңде оны тұтынудың базалық деңгейін негізге ала отырып есептелетін болады. Базалық деңгейді есептеудің дұрыстығы мен толықтығына ГФК тұтынуды қысқарту кестесінің қарқындылығы, олардың елдегі нақты айналым көлемі, сондай-ақ елдің сақталмау режиміне түсу ықтималдығы байланысты болады. Министрлік жүргізген алдын ала талдау кедендік статистика негізінде базалық деңгейді дұрыс есептеу мүмкіндігінің жоқтығын көрсетеді. Бұл көрсетілген кезеңде ГФК Мемлекеттік тарифтік емес реттеуге жатпауына және импортталатын заттардың, оның ішінде қоспалардың құрамында СЭҚ ТН 2903399000, 3824710000, 3824740000, 3824780000 бірыңғай кодтарымен есептелуіне байланысты.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Сізден 2011 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңде СЭҚ ТН 2903399000, 3824710000, 3824740000, 3824780000 кодтары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына импортталған ГФК және олардың құрамындағы қоспалар бойынша анық және расталған деректерді ұсынуға жәрдем көрсетуіңізді сұраймыз.

МАҢЫЗДЫ! Нарықтың барлық қатысушыларының өзекті және шынайы ақпаратты уақтылы ұсынуы Қазақстан Республикасы үшін ГФК тұтынудың барабар базалық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді. Базалық деңгейді есептеу негізінде Монреаль хаттамасының Хатшылығы ГФК (Қазақстанға экспорт / импорт) тұтыну үшін қазақстандық квотаны белгілейді. Бұдан әрі, бұл квота импорттаушылар мен тұтынушылар арасында елішілік бөлуге әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты Министрлік бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қарауға шақырады!!!

Қажетті ақпаратты 2022 жылғы 30 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынуды сұраймыз.
Министрлікке +7 (7172) 741113, 741175, 740874 нөмерлері арқылы хабарласа аласыздар.