«Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық жобаның негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді»

Бұл жөнінде ҚР Үкіметінде өткен брифингте Экология министрі С.Брекешев айтты.
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қолайлы өмір сүру ортасы мен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Ұлттық жоба
4 бағытты, 11 міндетті, 19 көрсеткішті және 48 іс-шараны қамтиды.
Былтыр ұлттық жобаны іске асыруға 89,3 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 27,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 15 млрд. теңге және бюджеттен тыс 46,7 млрд. теңге қаржы көзделген. Биылғы жылы ұлттық жобаның іс-шараларын іске асыруға 160,9 млрд.теңге жоспарланды.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық жобаның негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді», - деп атап өтті Экология министрі.
«Атмосфералық ауа сапасын жақсарту» шаралары шеңберінде 10 ірі қалада 5 жыл ішінде 16 ірі кәсіпорында шығарынды 20% пайызға қысқарту көзделіп отыр.
Былтырғы жылы 16 кәсіпорын атмосфералық ауаға 655 мың тонна ластаушы заттар шығарды, бұл 803,8 мың тонна лимит кезінде 2020 жылғы деңгейден (675 мың тонна) 3% пайызға төмен. Осы жылдың
6 айында кәсіпорындардың эмиссиялары 293,2 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,7% пайызға төмен (314 мың тонна). Бұл көрсеткішке табиғаты қорғау іс-шаралары мен қатар, өнеркәсіпті модернизациялау есебінен қол жеткізілді. Ол үшін кәсіпорындар өз қаржысынан 15,4 млрд. теңге бөлді.
Қатты және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесі бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 3005 полигонның 639-ы экологиялық нормаларға сәйкес келтірілді. Бөлек жинау үшін
3 876 контейнер орнатылды. Жамбыл облысында 870 мың тонна түйіршіктелген шлак өңделді. Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс қалдықтарын жинауға және өңдеуге арналған алаң салынды. Павлодар облысында «Былқылдақ» көлі ластануының оқшаулауға бағытталған іс-шаралар өткізілуде.
«Алайда, өңірлерде қалдықтарды сатысына қарай басқару жүйелі жоспарлау кешенді жұмысы атқарылмай келеді. Осыған байланысты, әкімдіктер коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеуі тиіс, ол нақты өңірде қалдықтарды басқарудың барлық жүйесін ескеруі тиіс», - деп ерекше атап өтті Министр.
Еліміздің су объектілерінің экожүйесін сақтау және суды үнемді пайдалану есебінен өнімділікті арттыру міндеті шеңберінде каналдарды, соның ішінде Балқаш көлінің бассейнінде реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сырдария өзенінің 50 шақырымы тазартылды. Былтыр 22 арнаның су есебін цифрланды. Осы жылы 89 каналды цифрландырамыз.
«Осы шаралар Балқаш көліне жылына кемінде 12 текше километр су ағымын қамтамасыз етті, Солтүстік Арал теңізінің көлемі 20,6 текше километр деңгейінде сақталып, суару кезінде су шығыны 200 млн. текше метрге қысқартылды, көлемі 230 млн. текше метрге су қосымша жинақталды», - деді С.Брекешев.
Ұлытау тау-дала массивінің экожүйесін қалпына келтіру және сақтау үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауданы 58,9 мың гектар «Ұлытау» ұлттық паркі құрылды.
Мемлекет Басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылы жоспарланған 44,3 мың га орнына 66 мың гектар алқабындағы 138 млн. ағаш отырғызылды. Биыл көктемдік отырғызылымда жоспарланған 66,9 мың гектардың 39 мың гектарына 106,4 млн. ағаш отырғызылды.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында өткен жылы 100 мың га сексеуіл отырғыздық. Биыл 250 мың гектар отырғызу жоспарланған. Осы жылдың көктемінде 12 мың гектар сексеуіл отырғызылды.
«Былтыр республика бойынша орман дақылдарының жерсінуіне инвентаризация жүргізілді (екпелер: 2020 жылғы күз, 2021 жылғы көктем). Күзгі инвентаризация қорытындысы бойынша орман дақылдарының жерсінуі шамамен 72% құрады. Нормативтік жерсінуі қамтамасыз етілді», - деп атап өтті С.Брекешев.
«Экология болашағы» бағыты бойынша былтыр жалпы орта мектептің 6-сынып бағдарламасына «Экология» курсы енгізілді. Ең үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, экологиялық-биологиялық факультативтік әдістеме әзірленді. Биыл «Эко-білім берудің үздік ұйымы» жыл сайынғы ұлттық конкурсын өткізу жоспарлануда.
Біріккен Ұлттар Ұйымының PAGE бағдарламасының қолдауымен экологиялық ақпарат көзімен қамтылғандар санын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру ұлттық медиа-жоспарының тұжырымдамасы дайындалды. Тұжырымдама қоғамдық эко-пікірді қалыптастыру үшін ақпараттық-түсіндіру кампаниясын ұйымдастыру әдісін ұсынады.
Жалпы, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру тұрақты бақылауда. Мониторинг Министрліктің жобалық офисінде апта сайын жүргізіледі.