Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Министр М.Мырзағалиевтің баяндамасы

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті депутаттар!

Әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін белгіленгенескіру мерзімін ұлғайту жөнінде түзетулер ұсынылды. Атап айтсақ, жеке тұлғаларға қатысты мерзімді 2 айдан 1 жылға дейін, ал заңды тұлғаларға - 1 жылдан 3 жылға дейінұлғайтукөзделген.

Негізі профилактикалық тексерулер жылына бір реттен көп өткізілмейді.Сонын салдарынан, тексеріс кезінде бір немесе одан көп жыл бұрын жасалған бұзушылықтары анықталған кәсіпорындар тиісті жазадан құтылып кетіп жатады.  

Тағы бір айтатыны, тәжірибе көрсетіп отырғандай, кейбір ірі кәсіпорындар жүйелі түрде жыл сайын бірбұзышулыққа бірнеше рет жол береді.Осыған орай, заң жобасында 3 жылдың ішінде экологиялық заңнаманы жүйелі бұзатын ірі кәсіпорындарға қатысты неғұрлым қатаң жаза қолдану қарастырылған.

Негізі аталған норма қазір де бар, бірақескіру мерзімібір жыл болғандықтан рецидив институты іске аспайды. Бұл өз кезегінде ірі кәсіпорынды жүйелі бұзушылықтар жасамауға ынталандырмайды. Осыған байланысты, мерзім 3 жылға дейін ұзартылды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық үшін белгіленетін айыппұлдарды ұлғайтуға басты себепші болған жайт - табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаның ластануына жол бермеу бойынша шараларды толыққанды орындамауы және қажетті модернизацияны жүзеге асырмауы.

Негізі қазіргі әкімшілік айыппұлдар ынталандыру тетігі бола алмай тұр. Бір сөзбен айтсақ, табиғат пайдаланушылары үшін құқықбұзушылық пен жіберген олқылықтарды жоюдын орнына айыппұл төлеу әлдеқайда тиімдірек. 

Сол себепті экологиялық бұзушылықтар үшін санкцияларды қатаңдату көзделеді. Мысалы, қоршаған ортаға нормативтен тыс және рұқсатсыз эмиссиялар үшін әкімшілік санкциялардың мөлшері 10 есе, ал қалған құқық бұзушылықтар бойынша орта есеппен 2 есе ұлғаяды.

Анықтама үшін:

Мұнай секторының әкімшілік айыппұлдарының көп бөлігі технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу (ТЕЖ) кезінде газды алауда жағуға келеді. Қазіргі уақытта экологиялық талаптар сақталған жағдайда тұрақты өндіру кезеңі үшін газды технологиялық еріксіз жағу кезінде Х1 коэффициентін 0,5% - дан 1% - ға дейін ұлғайту бөлігінде «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Энергетика министрінің бұйрығына өзгерістер енгізілуде.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы залалдың ремидиациясын орындамау, қоғам өкілдері мен мемлекеттік органдар үшін экологиялық заңнамамен көзделгенміндетті мәліметтерді ұсынбау, жүйелі түрде құқық бұзатын субъектілергеқатысты әкімшілік кодекске жаңа құрамдағы түзетулер енгізілді.  

Осы өзгерістер қоршаған ортаны қалпына келтіруге, ластаушылар тарапынан ашықтықты талап етуге, жауапкершілікті күшейту арқылы құқықбұзышулыққа жол бермеуге бағытталған. 

Сіздерден қолдауларыңызды сұраймын.

Баяндама аяқталды, назарларыңызға рахмет!