GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ЕАЭС
Меню
Страницы
ЕАЭО туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
FAQ
Кері байланыс
Қызметі
Все материалы
13 февраля 2024
Қазақстан ЕАЭО шеңберінде мемлекеттік сатып алуды цифрландыру идеясын ілгерілетуде

Қазақстан бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтағы мемлекеттік сатып алу процесі 100% цифрландырылған жалғыз ел. Бүгінгі таңда Қазақстанның мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі мемлекеттік сатып алу процесіне қандай да бір түрде тартылған мемлекеттің, банктердің және өзге де ұйымдардың өзге жүйелерімен интеграцияланған.

Қазақстанның бұл тәсілі бизнес-процестерді бірнеше рет жеңілдетуге және тұтастай алғанда бизнеске әкімшілік және қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.

ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділік ЕАЭО туралы шартқа сәйкес ұлттық режимді өзара негізде ұсыну есебінен қамтамасыз етіледі. Яғни, ұлттық режим басқа мүше мемлекеттердің өнім берушілеріне отандық өнім берушілерге берілетін ұқсас шарттарды беруді көздейді.

Осы уақытқа дейін ЕАЭО шеңберінде ЕАЭО туралы шартта көзделген түйінді мақсаттардың бірін іске асыру қамтамасыз етілмеген. Бұл мемлекеттік сатып алулардағы рәсімдерді толыққанды цифрландыру.

ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алу рәсімдерін цифрландыру Қазақстан жеткізушілерінің ЕАЭО елдерінде сатып алуға қатысуға толыққанды қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады.

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп ЭЦҚ-ны өзара тану қағидаларын әзірлеуде. Қағидаларды іске асыру сатып алуға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі мәселені кешенді шешуге мүмкіндік береді.

Мүше мемлекеттерде мемлекеттік сатып алуды толыққанды цифрландыру жөніндегі шаралар жоспары, оның ішінде ЕАЭО туралы шартқа түзетулер, мүше мемлекеттердің веб-порталдарының бағдарламалық-аппараттық кешендерін жетілдіру іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында бейнеконференция форматында тараптардың кеңесі өтті. ЕАЭО елдерінде мемлекеттік сатып алуды толыққанды цифрландыру, атап айтқанда электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық форматта сатып алу рәсімдерін жүргізу үшін құқықтық негізді қалыптастыру мәселелері қаралды.

Ағымдағы жылы ЕАЭО елдері ЭЦҚ-ны өзара тану қағидаларын қабылдауды, сондай-ақ мүше мемлекеттерде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын веб-порталдардың бағдарламалық-аппараттық кешендерін жетілдіруді аяқтауды жоспарлап отыр.

Жалпы, Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ге мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына қатысуы отандық бизнес алдында жыл сайынғы көлемі 100 млрд. АҚШ.

 
 
 
13 февраля 2024
ЕЭК ветеринариялық дезқұралдардың айналымы қағидаларын бекітті

2023 жылғы 12 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен ЕАЭО кедендік аумағында ветеринариялық мақсаттағы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дезакаризациялау құралдарының (бұдан әрі – ДДД-құралдар) айналымын реттеу қағидалары бекітілді. Шешім 2024 жылдың 21 қаңтарында күшіне енді.

Қағидалар құралдарды тіркеудің бірыңғай тәсілдерін, құралдардың сапасына, қауіпсіздігі мен тиімділігіне қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды және осындай жүйені құрудың бірыңғай тәсілдерін белгілейді.

Бұл ветеринариялық мақсаттағы ДДД-құралдарды өндірушілер үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірінде алынған тіркеу куәліктері негізінде өз өнімдерінің ЕАЭО-ның барлық елдерінің нарықтарында кедергісіз айналымын білдіреді.

Бекітілген қағидаларға сәйкес құралдар үлгілерді, ерекше реактивтерді және басқа материалдарды ұсынуды қамтитын сараптама рәсімі арқылы тіркеледі. Тіркеу рәсімін жүргізу мерзімдері осы құралдың мақсатына байланысты 105-тен 130 жұмыс күніне дейін құрайды.

Қағидалар ЕАЭО кедендік аумағында олар айналымқа түскен кезде ДДД-құралдарын фальсификациялау тәуекелдерін қысқартуға, сондай-ақ осындай құралдармен өзара сауданы жүзеге асыру кезінде негізсіз әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған.

Бұл қадам ветеринариялық саланы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және ЕАЭО кедендік аумағында ветеринариялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектеседі.

Қағидалар 2027 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданылады. Сондай-ақ, қағидаларда жаңа жүйеге бірқалыпты көшуді қамтамасыз ететін өтпелі кезең қарастырылған: қағидалар күшіне енгенге дейін берілген тіркеу куәліктері және ДДД-құралды айналымқа шығару үшін қажетті өзге де құжаттар 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды болады.

13 февраля 2024
ЕАЭО-да «сұр» сертификаттармен күрес бойынша бірлескен шаралар қабылданады

ЕЭК Кеңесінің жаңа жылдағы бірінші отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация ел үшін бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

ЕАЭО кеңістігінде «сұр» сертификаттар мәселесі өткір тұр. Сәйкестікті растау құжаттары көбінесе рәсімдерді бұзумен немесе сынақсыз беріледі. Салдарынан контрафактілік өнімдер көбейіп, адам денсаулығына теріс әсерін тигізеді. 2022 жылы Қазақстанда басқа елдерде берілген 200, ал 2023 жылы 300 «сұр» сертификат жойылды.

Қалыптасқан жағдайдың ауқымы мен қаупін ескере отырып, ЕАЭО-ға мүше елдер бірлескен жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде келісті. Талқылау қорытындысы бойынша ЕЭК Кеңесі Комиссия қарауына  2023 жылы күші тоқтатылған Еуразиялық экономикалық одақ аумағында берілген сертификаттар туралы ақпарат жіберуді тапсырды. Ақпаратты талдап, ұсыныстар әзірлеу үшін жоғары деңгейдегі жұмыс тобы құрылады. Ұсыныстар ЕЭК Кеңесінің биыл мамырда өтетін отырысында ұсынылуы тиіс.

2024 жылдың соңына дейін Қазақстан үшін 300 мың тонна көлемінде шикі қамыс қантына тарифтік жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзарту мәселесін қырғыз тарапы қолдамады. Бұл ретте ЕАЭО қанттың негізгі өндірушілері (РФ және Беларусь) қазақстандық сұранысты қолдады. Бұл мәселе ақпан айының басында ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары деңгейінде қаралады.

ЕЭК Кеңесінің қаңтардағы отырысында қабылданған шешімдердің қатарында навигациялық пломбадағы ақпаратты қорғаудың бірыңғай шараларын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қолдану бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту болды. Құжатқа ықтимал ақпарат қауіпсіздігін бұзушыдан келетін қатерлері мен оның іс-әрекеттерінің жалпы моделін әзірлеуді, ақпаратты криптографиялық қорғау саласындағы алгоритмдерді анықтауды, ақпаратты қорғау үшін техникалық шешімдерді әзірлеу сынды мәселелер қамтылған 2027 жылға дейінгі қадамдар кешені кіреді.

Еске сала кетейік, ЕАЭО-да тасымалдарды бақылау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім былтыр күшіне енді. Пломба автомобиль және теміржол көлігімен тауарларды тасымалдаудың тұтастығын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл механизм Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік транзиттің бірыңғай жүйесінің элементтерінің бірі болып табылады.

Бұдан бөлек, ЕЭК Кеңесі техникалық және кедендік реттеу, ақпараттық өзара іс-қимыл салаларындағы интеграциялық процестерді дамытуға бағытталған бірқатар басқа да шешімдерді қабылдады.

13 февраля 2024
Мәжіліс ЕАЭО туралы шартқа түзетулердің «үшінші» пакетін мақұлдады

Сауда және интеграция министрі Арман ШаққалиевЕуразиялық экономикалық одақ туралы шартқаөзгерістер енгізу бойынша хаттаманы ратификациялаутуралы заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісініңжалпы отырысында ұсынды.

Құжат 32 түзетуді енгізуді көздейді. Өзгерістертехникалық реттеуге, санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлықшараларға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, тарифтік емес реттеуге, бәсекелестікке жәнеМемлекеттік сатып алуға қатысты.

Атап айтқанда, түзетулердің шығуымен ЕАЭО елдеріЕАЭО-ның бірыңғай тізбесінде бұрын болмағанзиянды организмдерге қатысты шұғылфитосанитариялық шараларды енгізуге мүмкіндікалады.

Арман Шаққалиев түсіндіргендей, бүгінде бірыңғайкелісілген тізбеге енгізілген қоздырғыштарға қатыстыуақытша карантин жарияланады. Біздің еліміздіңаумағында микроорганизмдермен өсімдіктердіжұқтырудың жаңа жағдайларының пайда болуыменқолданыстағы тізімді кеңейту қажеттілігі туындады. Тараптар басқа елдерге шұғыл фитосанитариялықшаралардың енгізілгені туралы алдын ала хабарлауғаміндеттенеді. Мұндай жағдайларда өзара хабарлаутәртібін комиссия әзірлейді және бекітетін болады.

Бұдан басқа, ЕЭК комиссиясына ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тануды қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту жөніндегі өкілеттіктер беріледі. Қағидалар уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға және электрондық форматта өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар қазақстандық өнім берушілерге ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің кез келген өңірінде өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға қатысуға мүмкіндік береді.

Тағы бір жаңашылдық Еуразиялық үкіметаралық кеңеске тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимыл бағдарламасын бекіту құқығын беруді көздейді.

Бұл ретте тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі функциялар ұлттық құзыретте қалады, тиісінше үкіметаралық кеңес тек жалпы тәсілдер мен ұсынымдарды белгілейтін болады - деп атап өтті Министр.

Сондай-ақ, түзетулер тауарларды әкелу немесе әкету кезінде рұқсат құжаттарын алу процесін жеңілдетеді. Сауда және интеграция министрінің айтуынша, қазірлицензия беру ережелері ЕАЭО туралы шартқаенгізілген. Оларды түзету қиын, сондықтан ЕЭК Кеңесі ережелерді бекітуді ұсынады.

Өзгерістер құжаттарды қайта беру кезінде шарттың қосымшасынсыз сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) мәліметтерін пайдалану мүмкіндігін көздейді. Лицензия беруден бас тарту үшін негіздердің тізбесі нақтыланады. Лицензия мен рұқсат нысанынан артық мәліметтер алынып тасталады, сондай – ақ рұқсат құжаттарын электрондық форматта беру мүмкіндігі ескертіледі - деп түйіндеді Министр.

13 февраля 2024
Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды

Біліктілік іріктеуден өту үшін кандидаттардың құжаттары мен өтініштерін қабылдау 2024 жылғы 31 наурызға дейін жүзеге асырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды («Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің
2022 жылғы 4 шілдедегі № 280 – НҚ бұйрығына сәйкес).

Біліктілік іріктеу Еуразиялық экономикалық комиссия
(бұдан әрі - ЕЭК) өткізетін бос лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеуге қатысқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан жүзеге асырылады.

Конкурсқа 18 жасқа толған ЕАЭО–ға мүше мемлекеттердің азаматтары қатысуға құқылы.

Біліктілік іріктеуге қатысу үшін кандидаттар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымдық бөлімшелері (бөлімшелері) көрсетіле отырып, ол бос лауазымдарға орналасуға үміткер болатын тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) қамтитын еркін нысандағы өтініш, пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі;

2) паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;

3) біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (кандидаттың жұмыс (қызмет) орны бойынша нотариалды немесе кадр қызметтерімен куәландырылады):

білім туралы, қосымша кәсіптік білім туралы, ғылыми дәреже, ғылыми атақ беру туралы құжаттар (болған жағдайда);

еңбек кітапшасы немесе еңбек қызметін растайтын құжаттар;

4) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

5) Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында жарияланған формат пен талаптарға сәйкес кандидаттың 2 (екі) фотосуреті қоса берілген сауалнамасы (1-қосымша).

 

Қатысушылар құжаттар топтамасын Іріктеуге қатысу» белгісіменar.omarova@mti.gov.kz электрондық мекенжайға жіберуі қажет

Бос лауазымдар туралы ақпарат https://eec.eaunion.org/comission/vacancies/ұйымның ресми сайтында
«Бос орындар» бөлімінде орналастырылған

Үміткерлерді бағалау нысаны  әңгімелесу.

Оң нәтиже болған жағдайда кандидатқа уәкілетті органның ұсынымы беріледі, оны кейіннен осы кандидат ЕЭК-ке ұсынады.

Уәкілетті органның ұсынымын алу ЕЭК-те бос лауазымға орналасу конкурсына қатысу үшін міндетті рәсім болып табылмайды, бірақ конкурстан өту кезінде ұсынымы бар кандидаттарға артықшылық берілетін болады

ЕЭК қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жарияланатын болады.

03 января 2024
Электромобильдерді бажсыз әкелу, ветеринария және интеграцияланған бизнес-процестерді одан әрі автоматтандыру

Мәскеуде өткен ЕЭК кеңесінің кезекті отырысында одақ елдерінің интеграциясындағы кедергілерді жоятын және сауда-экономикалық қатынастарын жеңілдететін бірқатар шешім қабылданды.

Қазақстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алулары аясында алынатын тауарлардың тізбесін кезең-кезеңмен кеңейтуде. Тізім тағы бір позицияға кеңейді – бұл киім-кешек пен керек-жарақтар, оның ішінде қолғаптар, резеңке қолғаптар бар. Еске сала кетейік, биыл отандық кәсіпкерлердің ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің 63 тауар түрі бойынша мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Бұдан басқа өндірістік және технологиялық операциялардың бірыңғай шарттары көзделмеген 276 тауар позициясы бойынша СТ-1 сертификатын пайдалану мүмкіндігі 1 жылға ұзартылды.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кедендік шекарасы мен аумақтарында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібіне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, бірқатар термин түзетілді, ветеринариялық, дәрілік, диагностикалық, дезинфекциялық және басқа да құралдарды, сондай-ақ жемшөп қоспаларын әкелу және ауыстыру шарттары, ветеринариялық сертификаттардың нысандары анықталды. Ветеринариялық бақылау кезінде зертханалық сынақтар жүргізуді ұйымдастыру бөлігіндегі нормалар да толықтырылды.

ЕЭК кеңесі 2024 жылға арналған ЕАЭО елдеріне сиыр етін в бажсыз өткізу квоталарын бекітті. Қазақстанда еттің осы түрінің өндірісі ішкі қажеттілікті іс жүзінде толығымен жабатынын ескере отырып, еліміз үшін квота мөлшері ең төменгі 5 мың тонна көлемінде айқындалды (Ресей – 100 мың тоннаға дейін, Армения – 8,5 мың тоннаға дейін, Беларусь – 7,5 мың тоннаға дейін, Қырғызстан – 3,5 мың тоннаға дейін). Импортталған сиыр етінің қосымша көлемі өңдеуге бағытталатын болады. Бұл шара еліміздегі шұжықтар мен басқа да ет өнімдерінің құнын арзандатуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Екі жылға (2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге электромобильдерді бажсыз өткізу ұзартылды. Бұл электромобильдер нарығын одан әрі дамытуға, зарядтау инфрақұрылымын дамытуға және ірі қалалардағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі жылы «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын іске асыру жөніндегі жол картасын дайындау туралы өкімінің жобасы келісілді, оны Жоғары кеңес биылғы желтоқсан айының соңында бекітуді жоспарлап отыр. Жобаны биылғы қазан айында Бішкекте ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары мақұлдады. Бұл құжат, басқалармен қатар, қауіпсіз және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға ұмтылуға бағытталған ЕАЭО құқығы аясында техникалық реттеу және стандарттау саласын одан әрі дамытуды декларациялайды. Тұжырымдама стандарттарды біріздендіруді не үйлестіруді және сапа мәселелерін ұлттық деңгейден жоғары деңгейге беруді көздемейді, өйткені ЕАЭО туралы шартта техникалық реттеудің негізгі қағидаттарының бірі оларды қолданудың еріктілігі деп тікелей бекітілген.

Сонымен қатар қарашада өткен ЕЭК кеңесінде үшінші елдермен сауда жасау кезінде тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының жаңа редакциясы бекітілді. Өзгерістер автоматтандырылған режимде электрондық құжат айналымына көшуге дайын елдерге лицензияларды автоматты түрде беруге мүмкіндік береді.

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 12 желтоқсанда онлайн режимінде өтеді. Ол 2023 жылы аяқталады.

03 января 2024
ЕЭК Кеңесінде Қазақстан алкоголь өнімінің қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламентті қолданысқа енгізу мерзімін қысқартуды талап етті

ЕЭК Кеңесінің онлайн режимінде өткен отырысында ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау, ақпарат алмасу, май және алкоголь өнімдері саласындағы кең ауқымды мәселелер қаралып, шешімдер қабылдады. Қазақстан тарапын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды.

Қазақстан «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің күшіне ену күнін 2025 жылғы 1 қаңтарға кезекті ауыстыруды қолдамады. Алкоголь өніміне қойылатын талаптарды айқындайтын бұл құжат 2018 жылы әзірленіп, қабылданған болатын, бірақ оның күшіне ену мерзімі түрлі себептермен бірнеше рет 2022 және 2024 жылдарға шегерілді. 

Елімізде жыл сайын суррогат алкогольмен уланудың 11 мыңнан астам жағдайы тіркелетінін және нарықтағы алкоголь өнімдерінің 5%-дан астамы қауіпсіздік пен сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтінін ескере отырып, отандық сарапшылар регламентті қолданысқа енгізуді 2025 жылдан 2024 жылдың 1 шілдесіне ауыстыру мерзімін қысқартуды талап етті.

Алдағы алты ай ішінде мемлекеттікішілік барлық мақұлдау рәсімдері жүргізіліп, сыра қайнату және шарап өнімдерін реттеу мәселелері шешілетін болады.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесінің отырысында кедендік транзит кезінде навигациялық пломбалар көмегімен жүктер қадағаланбайтын тауарлар мен шарттар тізбесі бекітілді. Қабылданған шара - уақытша, тек жекелеген жағдайларға ғана қатысты. Тізбеге, оның ішінде уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет ететін, сондай-ақ ХЖТ(халықаралық жол тасымалдары) кітапшасын қолдана отырып және өтпелі транзит шеңберінде тасымалданатын тауарлар кірді.

ЕАЭО кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу тәртібіне жасалған өзгерістер мақұлданды. Пысықталған жоба карантинге жатқызылған өнім шығарылған елде карантиндік объектінің таралу сипатына негізделетін интегралды индексті ескере отырып, тәуекелді басқару жүйесін пайдалана отырып, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыруды көздейді.

Сондай-ақ өзгерістер карантинге жатқызылған өнімдер оның меншік иесінің есебінен қайтарылуға, зарарсыздандырылуға немесе жойылуға жататын бірқатар нақты жағдайларды белгілейді. Сонымен қатар фитосанитариялық сертификат жарамсыз деп танылған бір жағдай құжаттан алынып тасталды. Осылайша, жаңа өзгерістер бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізу мерзімін қысқартуға, карантинге жатқызылған өнім партияларына қатысты шешім қабылдау кезінде уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының бірыңғай тәсілін енгізуге мүмкіндік береді.

Кеңестің шешімімен ЕАЭО кедендік аумағында ветеринариялық мақсаттағы дезинфекциялық, дезинсекциялық және дезакаризациялық құралдардың айналымын реттеу ережесі бекітілді. Аталған құжатпен жұмыс 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді, бірақ Одақ аумағында ветеринариялық дәрілік препараттар мен ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдарды тіркеу схемаларына қатысты реттелмеген мәселелерге байланысты тоқтатылды.

03 января 2024
ЕАЭО елдері көлік саласындағы басым жобаларды талқылайды

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында бейнеконференция форматында Көлік және инфрақұрылым жөніндегі Консультативтік комитеттің инфрақұрылым және логистика жөніндегі кіші комитетінің кезекті отырысы өтеді.

Отырыс шеңберінде Комитет мүшелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды талқылайды.

Атап өткен жөн, өткен жылдың тамыз айында ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарын, транзиттік әлеуетін және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 7 басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін бекітті.

Сонымен қатар, кіші комитет отырысында қазақстандық тараптың осы тізбені 2 жаңа жобамен толықтыру жөніндегі бастамаларын талқылау жоспарлануда:

- «Орск - Қандағаш Мақат - Бейнеу – Болашақ», «Илецк-1 – Ақтөбе», «Челябинск-Тобыл –Никельтау», «Ақсарай – Мақат», «Шалқар - Бейнеу – Маңғыстау» учаскелерінде қолданыстағы теміржол инфрақұрылымын жаңғыртумен Шығыс халықаралық көлік дәлізін дамыту;

- «Ресей - Орталық Азия елдері» дәлізін дамыту: «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы; учаскеде екінші теміржол жолдарының құрылысы «Қазалы-Арыс».

Жалпы, халықаралық көлік артерияларын одан әрі дамыту жөніндегі жұмыс Мемлекет басшысының 2023 жылғы мамыр айының соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте айтылған ұсынысын іске асыру үшін жүргізілуде.

Содан кейін ел Президенті «Солтүстік –Оңтүстік» көлік дәлізінің қолданыстағы инфрақұрылымын пайдалана отырып және Челябинскіде жүк шоғырландыру орталығын құра отырып, «Челябинск - Болашақ-Иран» темір жолы бойынша жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынды.

Екінші бастама «Бейнеу – Маңғыстау»қазақстандық теміржол желісіндегі және «Бейнеу –Шалқар» автомобиль жолының учаскесіндегі кемжерлерді қайта жаңғыртуға дайын болу болды.

Бұл бастамалар Қазақстан арқылы Беларусь –Ресей-Қытай, Ресей - Орталық Азия елдері және халықаралық көлік дәліздері «Солтүстік –Оңтүстік» бағыттарындағы жүк ағындарының жыл сайынғы өсуіне негізделеді.

Жалпы, ЕАЭО-ның қолданыстағы көліктік-логистикалық әлеуетін толық пайдалану үшін қазақстандық тарап Қазақстанды логистикалық хаб ретінде әдейі ілгерілетуге ниетті.

28 ноября 2023
Мәжілісте ЕАЭО туралы шартқа түзетулер ратификацияланды

Мәжіліс 2022 жылғы 31 наурызда ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа түзетулердің екінші пакетін ратификациялады.

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев атап өткендей, ЕАЭО туралы Шартқа барлығы 106 түзету енгізілді. Олар техникалық реттеу, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шаралар, макроэкономикалық саясат, көлік, жанама салықтар, сыртқы сауда саясатына қатысты түзетулер.

«ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттегі педагогикалық және заңгерлік қызметтегі қызметкерлер үшін білім туралы құжаттарды тану жөніндегі талаптар алынып тасталады. Бұл еңбек мигранттарының осы санатының еркін қозғалуына мүмкіндік береді. ЕАЭО органдарының қабылданған актілерінің нақты әсерін бағалау тетігі енгізілуде», - деді Арман Шакқалиев палатаның жалпы отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде Одақ органдары актілерінің жобаларына реттеуші әсерді бағалау ғана жүргізілуде. Осындай актілерді қабылдағанға дейін олардың бизнеске ықтимал әсері бағаланады.

«Жаңа құрал комиссияның қабылданған шешімдеріне қатысты нақты әсерді бағалауға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда қолданыстағы шешімді қайта қарау туралы ұсыныс қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ, ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттардың жобаларына қатысты реттеуші әсерді бағалау енгізілуде. Бұған дейін халықаралық шарттардың жобалары реттеуші әсерді бағалау рәсімдерінен өтпеген», - деді Министр.

Демпингке қарсы қайта тексеру тетігі де көзделеді. Мұндай тергеу, егер үшінші елдердің өндірушілері экспорттық бағаны төмендетсе, осыған байланысты бұрын қабылданған демпингке қарсы шара мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жоймаса жүргізіледі. Енді демпингке қарсы баждарды ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда.

Бәсекелестік ережелерін сақтау саласында комиссия шешімдерін орындамағаны үшін айыппұлдарды енгізу көзделеді. Арман Шакқалиевтің айтуынша, бүгінде құқық бұзушылар трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған мінез-құлық шарттарын орындамауы мүмкін.

«Фитосанитариялық сертификаттар мен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді электрондық түрде ресімдеу мүмкіндігіне жол беріледі. Бұрын тек қағаз тасығышта ғана мүмкін болатын. Сондай-ақ, «өнімнің шыққан жерінен  дүкен сөрелеріне» дейін жеміс-көкөніс өнімдерінің партияларын сандық қадағалау тетігі енгізілуде. Қадағалау ұлттық ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылатын болады. Әр партия үшін бірегей сәйкестендіру нөмірі қалыптастырылатын болады», - деп қорытындылады Министр.

14 ноября 2023
ЕАЭО - да еуразиялық интеграцияның мүше мемлекеттердің экономикасына әсерін бағалау енгізіледі

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикаларын дамытуға интеграциялық процестердің әсерін бағалау әдістемесі әзірленуде.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) «шығындар-шығару» елдік және еларалық кестелердің құрал-саймандарын пайдаланатын болады.

Осы әдіснаманы пайдалана отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикаларына интеграцияның жиынтық әсерінің есептеулері жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, ол ЖІӨ-ге тауарлар мен қызметтердің өзара саудасы, өзара инвестициялар және еңбек ресурстарының көші-қоны көрсеткіштерінің үлесін есептеуге мүмкіндік береді.

ЕАЭО-ның «бестік» тәжірибесін зерделеу мен пайдалануды кейіннен ұлттық салааралық теңгерімді есептеу кезінде қолдануға болады, сондай-ақ ұлттық экономикалардың және тұтастай ЕАЭО-ның дамуын бағалау үшін Әдістеменің қажеттілігі жоққа шығарылмайды.

Бүгінгі таңда әдіснама жобасын сараптамалық талқылау жүргізілуде.

Әдістеменің өзін бекіту биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы