Сот сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды

Сот сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды

ҚР ҚК 72-б.3-б. 1-т. негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату сотталған адам онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.

Сотталған Р. бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берді. Сотталған Р.жазасын өтеу кезінде өзін оң жағынан көрсетті, пробация қызметі бөлімінің бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарынан туындайтын барлық талаптарын орындады. Жазаны өтеу мерзімі кезеңінде пробация қызметі бақылаудан жалтарған жоқ. Тұрғылықты жері бойынша ол оң сипатталады.

Некеде тұрады, кәмелетке толмаған төрт баласы бар, олар бірге тұрады. Қазіргі уақытта ресми түрде жұмысқа орналастырылды. Жұмыс орнында ол оң сипатталады.

"ZOOM" бағдарламасы арқылы СҚО Тайынша аудандық сотының онлайн сот отырысы өтті, сот сотталушының жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот сотталған Р.-ны шартты түрде мерзімінен бұрын Тайынша аудандық сотының үкімімен айқындалған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден 6 (алты) ай 17 (он жеті) күн өтелмеген мерзімге босатты.