Қарағанды облысының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жұмыс берушілермен кездесу өтті.

Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №36 мекемесінде жұмыс берушілермен кездесу өткізілді, онда сотталғандарды контрагенттік объектілерге жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстың қорытындылары шығарылды және 2025 жылға арналған жұмыс жоспары құрылды. 2024 жылы мекеме 6 шағын және орта бизнес өкілдерімен екіжақты шарттар жасасты. Бүгінгі таңда 5 объектімен жұмыс жалғасуда: ЖШС “Железобетонный партнер”, "Қарағанды Строй Конструкция" ЖШС және "Волынский" АӨК ЖШС, "KURPICH" ЖШС, "Азия Строй" ЖШС, онда 75 сотталған жұмысқа орналастырылды.
"№36 мекемемен шарт жасасқан шағын және орта бизнес басшылары мен өкілдеріне біз сотталғандардың ынтымақтастығы мен еңбекке қосқан үлесі үшін Алғыс білдіреміз. Сотталғандарды жұмысқа орналастыру қылмыстық - атқару жүйесі үшін ғана емес, ұйымдар үшін де оң нәтиже береді. Мәселен, мекемемен ынтымақтастықтың арқасында бос лауазымдар жасақталып, өнім көлемі ұлғайды", - деп атап өтті мекеме бастығы орынбасарының м.а. әділет майоры Байнов Виталий Александрович.
Қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандарды жұмысқа орналастыру 100% құрайды, бұл сотталғандарға жалақы алуға, талап-арыздарды төлеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жақындарына көмектесуге және қоғамға пайда әкелуге мүмкіндік береді.