Түсіндіру жұмыстары Қарағанды қаласының тергеу изоляторында орналасқан №94 сайлау учаскесінде жүргізілді.

Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №61 мекемесінде №94 сайлау учаскесінің мүшелерімен, сайлауға қатысу құқығына ие тергеу изоляторында отырған тұлғалар арасында, ҚР Парламенті Мәжілісінің және Мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді. Түсіндіру жұмыстары барысында сайлаудың өткізілетін күні, уақыты және тақырыбы жеткізілді, сондай-ақ қажетті ақпарат таратылды.