Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД қағаздарды өңдеуге өткізетін болады

Облыс бойынша ҚАЖ департаменті қағаздарды өңдеуге өткізіп, түскен қаржыға ағаш отырғызатын болады.
Әлемдегі экологиялық жағдайдың төмендігі белгілі, күн сайын адамдардың тыныс-тіршілігінде қоршаған ортаны ондаған жылдар ластап келген қоқысты бейберекет төгу арта түсіп отыр.
Бүгінгі күні Қарағанды облысында тауарлар орамаларын: пэт-бөтелкелер, полиэтилен пакеттер, қағаз, картондар қабылдайтын бірнеше пункттер жұмыс істейді және сол үшін ақша төлейді. Бір ғана шарты – барлық шикізат қалдықтары мен пэт-бөтелкелер таза болуы тиіс.
Күн сайын департаменттің қызметкерлері кеңсе қағаздарын көптеп пайдаланып, соңынан қоқысқа тастап отырады. ҚАЖ департаменті бастығының м.а. Бекболат Шәкіровтің бастамасы бойынша қағаздарды жинау және макулатура қабылдайтын өңдеу пункттеріне өткізуді бастау шешімі қабылданды. Түскен қаржыға қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері ағаш көшеттерін сатып алып егуді жоспарлап отыр. Бекболат Шәкіровтің сөзінше бұл акция қоршаған ортаға кері әсер етуді төмендетуге мүмкіндік береді.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД