ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Режим, қадағалау және күзет басқармасы

Режим, қадағалау және күзет басқармасы өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ҚАЖ комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Міндеттері:

1) ҚАЖ аумақтық бөлімшелерінің режим, қадағалау және күзет қызметтерінің қызметін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыруға міндетті.

2) күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпсіздігі аралас мекемелерде күзетпен ұстауды ұйымдастыру бойынша ҚАЖ аумақтық бөлімшелерінің қызметін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыруға міндетті.

3) Басқарма қызметінің негізгі бағыттарын жоспарлау және жоспарлы іс-шаралардың орындалуын бақылау.

4) Басқарма қызметінің бағыттары бойынша ақпаратты, статистикалық деректерді жинауды, талдауды және сақтауды жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарманың мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылын жүзеге асыру;

7) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарманың Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын жүзеге асыру;

8) ҚАЖ дамытудың, нығайтудың және жетілдірудің бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

9) қауіпсіздігі аралас мекемелерде күзетуді, айыпталушылардың, күдіктілердің, сотталғандардың және персоналдың және олардың аумағындағы өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде жедел-іздестіру қызметін бақылау және ұйымдастыру;

10) бас бостандығынан айыру орындарында арнайы контингентті ұстаудың, күзетудің, қадағалаудың белгіленген режимін ұстау үшін ҚАЖ мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруды жетілдіру және нығайту мақсатында ішкі істер министрлігінің қаржылық және өзге де құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

11) режим, қадағалау және күзет желісі бойынша ҚАЖ аумақтық бөлімшелерінің қызметіне кешенді іссапарлар, инспекторлық, бақылау, нысаналы тексерулер жүргізуге қатысу;

12) ҚАЖ мекемелерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау;

13) ҚАЖ мекемелерінің инженерлік-техникалық күзет құралдарының, оқшау оқшауланған учаскелері қоршауларының, бейнебақылау жүйелерінің және алып жүретін бейнетіркегіштердің жай-күйі мен пайдаланылуын бақылау.

Дата публикации
18 февраля 2022
Дата обновления
19 марта 2025
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
15 ноября 2022
Парламент депутаты Ләззат Қалтаева Қарағанды облысындағы колонияға барды
18 февраля 2022
Кадр саясаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы