Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес ҚАЖД нменклатурасына, сондай-ақ ҚАЖД есептік-бақылау номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын қызметкерлер аумақтық бөлімшелердің басшылары тағайындауды және босатуды жүзеге асыратын басшы лауазымдарға өсуге ниет білдірген және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ҚАЖД тәрбие және кадр жұмысы бөліміне үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
ҚАЖД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- ҚАЖД аппаратына С-SVО-9 санаты;
-ҚАЖД пробация қызметі үш» C-SVR-7 санаты
- ҚАЖ мекемелері C-SGU-12 санаты;

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан қызметкерлер.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД тәрбие және кадр жұмысы бөліміне хабарласуға болады, анықтама телефондары 8 (7212) 30-01-60, электрондық мекен-жайлар: yrym.zhasymbekova@mvd.gov.kz, an.babchenko@mvd.gov.kz
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

Дата публикации
15 апреля 2025