Каир университетінің ұстазы, профессор Төлебай Рабиғамен кездесу

УГ-157/11 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында, Атырау облысы Дін Істері басқармасының шақыртуымен Египет Араб Республикасы Каир қаласындағы Каир университетінің ұстазы, профессор, Құраннан Ижаза алған хафиз, Абай атамыздың өлеңдерін араб тіліне аударған Төлебай Рабиға, Облыстық Дін Істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев және «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы А.Оспанованың қатысуымен топтық кездесу өткізілді.
Кездесудің басты мақсаты терроризм және діни экстремизм, деструктивті діни ағымды ұстанушы сотталғандарды радикалды көзқарастан арылту, олардың алдын алу, діни сауаттылық бағытында әлеуметтік-тәрбиелік түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында сотталған азаматшалар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, алдағы уақытта қоғамнан өз орындарын тауып, өмірге деген оң көзқарас қалыптастырып, бейімделетіндерін атап өтті.