Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/11 түзету мекемесіНде отырыс өтті

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/11 түзету мекемесімен (әйелдер колониясы) мекеме жанындағы колледж мемлекеттік мекемесі Білім берумен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді іске асырудағы бірлескен шаралар, жаңа оқу жылының басталуы, алдағы міндеттер, өзара жұмыс бөлісу мақсатында отырыс өткізілді. Отырысқа УГ-157/11 түзету мекемесінің бастығы әділет майор Ж.Жумашев, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Г.Ескалиева, колледж директоры О.Биманова, орынбасары А.Сулейменова қатысты.
Қатысушылар жыл санап колледжде оқуға ниет білдіргендер саны артып келетіні туралы, биылғы оқу жылында олардың саны көбейіп жатырғанын айтты. Былтырғы жылы 45 абитуриент қабылданса, осы оқу жылында 60 абитуриент қабылданды. Жаңа оқу жылында колледжде 82 студент мамандыққа бағдарланған білім алып, мемлекеттік үлгідегі дипломды иеленеді.
Отырыс барысында білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында бетперде режимі, күнделікті термометрия, сондай-ақ антисептиктерді пайдалану, аудиторияларды, кабинеттерді тұрақты дезинфекциялау, желдету және кварцтау жұмыстары басшының жеке бақылауында болатыны туралы баса айтылды.
Отырыс қорытындысында жаңа 2021-2022 оқу жылының жоспары, мақсат-міндеттері талқыланып, жылдық жұмыс жоспары, күн тәртібі бекітілді.