Атыраудағы тергеу изоляторында Астана күніне орай спорттық жарыс өтті
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінде кір тасын көтеру мен күш сынасудан сотталғандар өзара бақ сынасып, үздікті анықтады.
- Спорттық шаралардың берері мол. Бір жағынан денсаулыққа пайдасы болса, бір жағынан көңіл-күйімізді көтереді, - дейді ұрлық жасағаны үшін сотталған Андрей.
УГ-157/1 мекемесі әкімшілігі үздік шыққандарды Алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Олардың айтуынша, осындай шаралар үнемі өткізіліп тұрады.