тазалық жұмыстарына белсенділік

тазалық жұмыстарына белсенділік

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Махамбет аудандық Пробация қызметі тобының есебінде ағымдағы жыл басынан 14 сотталған бас бостандығын шектеу жазасымен есепте тұр. Оның ішінде 5 сотталғанға сотпен 100 сағат мәжбүрлі еңбекті өтеу белгіленген. Сотталғандардың 100 сағат мәжбүрлі еңбекті атқаруы үшін олардан қолхат алына отырып,  Махамбет аудандық пробация қызметі жергілікті атқарушы органдарға жолдама жолдап отырады. Сотталғандардың мәжбүр еңбекті орындауы ақысыз жүзеге асырылады және нақты біліктілікті қажет етпейді.
  Сотталған тұлғалар Махамбет ауданында өздеріне жүктеген мәжбүр лі еңбегін орындауда. Олар ауылдар мен елді мекендердің аумағын тазалау, сыпыру және аумақты абаттандыру сияқты тазалық жұмыстарына белсенділік  танытып отыр.