Пробация есебінде тұрған сотталғандар үнемі бақылауда!

Пробация есебінде тұрған сотталғандар үнемі бақылауда!

Қазақстан Республикасынң Ішкі Істер Министірлігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №243 бұйрығымен бекітілген 2021 жылғы арналған Операциялық жоспардың 99-тармағын орындау үшін, сондай-ақ пробация қызметтерінің есебінде тұрған сотталғандардың қайта құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында, 2021 жылға маусымның 21-і мен 27-сі  аралығында ауданымызда «Шартты түрде» Республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы іс-шара барысында Атырау облысы бойынша ҚАЖ д епартаментіне қарасты Исатай аудандық пробация қызметінің инспекторлары участкелік полиция инспекторларымен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды мекен-жайлары бойынша тексеріп, олардың тұрмыс жағдайларымен танысып, қайта қылмысқа бармау жөнінде әңгіме сұхбат жүргізуде.