2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік ашуға көмектесу бойынша мәселелер қарастырылды

Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық консультациялық кеңесші органның кезекті комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде Қызылқоға аудандық пробация қызметі тобының есебінде тұрған тұлғаларды квота негізінде тұрақты жұмысқа орналастыру, сондай-ақ нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік ашуға көмектесу бойынша мәселелер қарастырылды.