Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жоспардан тыс аттестаттауды өткізу бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде(бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсаты – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМбұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Министрдің, министр орынбасарының номенклатурасына, сондай-ақ Министрліктің есепке алу-бақылау номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр жұмысы тобына үлгіге сәйкес баянат (1-қосымшаға сәйкес)және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан қызметкерлер;

Біліктілік талаптары:
1) Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бөлім бастығының орынбасары, бөлімше бастығы (C-SGU-10) лауазымына:
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білімі
1) құқық қорғау қызметіндегі немесе арнайы мемлекеттік органдардағы немесе әскери қызметтегі немесе судья лауазымындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадрлық резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
2) Қалалық, аудандық аумақтық органның бөлім бастығы (C-SVR-4) лауазымына:
Жоғары арнайы білім (мамандану) немесе нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім
1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) арнайы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметтегі, не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
5) Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
3) Облыстық аумақтық орган басқармасының бөлімше бастығы (C-SVО-6) лауазымына:
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.
1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) арнайы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметтегі, не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі үшін төрт жылдан кем емес;
4) аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
5) Президенттің жастар кадрлар резервіне енгізілген адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Сұрақтар туындаған жағдайда Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тәрбие және кадр жұмысы тобына хабарласуға болады,
анықтама телефондары 8 (7122) 45-68-88, электрондық мекенжайлар er.bisengaliev@mvd.gov.kz,
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді. Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
тәрбие және кадр жұмысы тобы

Дата публикации
28 апреля 2025
Дата обновления
28 апреля 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

01 мая 2026
В учреждении №79 прошёл концерт ко Дню единства народа Казахстана
Информация
28 апреля 2025
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жоспардан тыс аттестаттауды өткізу бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы