Алматы ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өткізілді

Алматы ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың мамыр айында сотталған “Н”-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру жөніндегі Астана қ. Алматы аудандық пробация қызметінің ұсынысын қарастырумен Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Алматы ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өткізілді. Сот қаулысымен сотталған “Н”-ға қатысты ұсыныс қанағаттандырылды. Бұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырылады. Оның негізгі мақсаты есепте тұрған сотталғандардың арасында қылмыстың қайталануына, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауларына жол бермеу.

Қызмет бағыты