Жиналыс

Жиналыс

"Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы" ҚР ІІМ 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық Пробация қызметі инспекторларымен және Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық криминалды жедел полиция бөлімі қызметкерлерімен жиналыс өткізілді.

Жиналыстың мақсаты пробация қызметнінің есебінде тұрған сотталғандарды іздеу шаралары жүргізу жалпы жүйесін түсіндіру болып табылады.

Сонымен қатар, жиналыс барысында іздеу шараларын ұйымдастыру мен жедел криминалды полиция бөлімінен пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеудін маңыздылығы жөнінде сұрақтар көтерілді. Сотталғандарды іздеу барысында туындайтын бірқатар мәселелер талқыланды.

Қазіргі таңда, Байқоңыр аудандық Пробация қызметі есебінде 10 сотталған азамат іздеуде тұрды, 8 сотталған азамат ұсталынып, 2 азаматқа қатысты іздеу жұмыстары жүргізілуде.