Есепте тұрған сотталғандарды тіркеу.

2021 жылдың 22 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің ғимаратында, Алматы ауданының №5 ПП-де есепте тұрған сотталғандарды тіркеу өткізілді. Сотталғандар өздерінің тәртібі жөнінде есеп беруге және олармен профилактикалық бағытта сұқбат жүргізу үшін тағайындалған күні келді.
ҚАЖД ғимаратына келген барлық азаматтар, тәртіптік өткізу пунктінен толық емес тінту жасалғаннан кейін кіруге рұқсат беріледі. 22.11.2021 жылы әділет старшинасы Р.Шонеков, тіркеуге келген сотталғандарды тінту шаралалын жүргізу барысында, Алматы ауданының ПҚ есебінде тұрған Г. есімді сотталғанның сыртқы киімінің қалтасынан «Трамадол» таблеткасы табылды. Нәтижесінде 102 каналы арқылы тергеу-жедел тобы шақыртылды. Түсініктеме алынып, сотталған медициналық куәландыруға жолданды.